Кәсіпкер
2 мин оқу 144

Жетісу кәсіпкерлерінің базынасы

<p style="text-align: justify;">Халықтың әлеуметтік деңгейін тек мемлекеттен берілетін жәрдемақы ғана көтермейді. Бұл ретте шағын және орта кәсіп иелерін де қолдау маңызды рөл атқарады. Осы орайда Жетісу облысының кәсіпкерлері бөлшек салық мөлшерлемесін 4 па&shy;йыздан 2 пайызға дейін төмендету туралы мәселені бірнеше рет көтерген еді. Өкінішке қарай, мемлекеттік органдар өкілдерімен өткен жиындар өз нәтижесін берер емес.</p>

Жетісу кәсіпкерлерінің базынасы

Еске салсақ, өңірлік кәсіп­керлер палатасының ала­ңында бөлшек салық мөлшерлемесін төмен­дету мәселесі бірнеше рет көте­рілген болатын. 2023 жыл­дың 20 наурызында қол қойылған заң жергілікті өкілді органдарға бөлшек салық мөлшерлемесін жартылай төмендету құқығын берді. Содан кейін депутаттар салықтың бұл түрі шынымен жоғары деп санады. Халық қалаулылары мөлшерлемені тө­мен­дету керек деп есептеп, кә­сіп­керлерді толығымен қол­дады. Осы шара жүзеге асса, өңір­дегі кәсіпкерліктің неғұр­лым белсенді дамуына ықпал ететіні анық. Сондай-ақ кіріс­тер­ді «көлеңкеден» шығаруға мүм­кіндік береді.

Әр мәслихат аудандар мен қа­лалар деңгейінде салық мөл­шер­­лемесін қаншалықты азай­туға болатынын экономика­лық негіздемелер мен жергілікті бюд­­жетке әсер етуді ескере оты­рып, жеке шешеді. Өңірде осы ба­ғытта барлық қадам жа­сал­ған сияқты. Әйтсе де жыл аяқ­та­луға жақын, ешқандай шешім қабылданбады.

Кәсіпкерлер бұл жаңашыл­дық­ты оң қабылдады, өйткені оларға да шығындарының төмен­детудің бір жол осы. Сауда нүк­телерінің иелері мен қызмет көрсе­тушілер салықтан басқа, лицен­зияны пайдалану үшін де ақы төлейді. Сонымен қатар сақтандыру, зейнетақы және басқа да тұрақты жарналар бар. Осындай қаржылай кедергілер микро кәсіпорындарға қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік бер­мейді.

«Біздің бастамамыз бойынша Сауда жөніндегі салалық кеңес Жетісу облысының аудан­да­ры мен қалаларының бар­лық мәслихатына арнайы хат­тар жолдады. Алты ай күттік, түп­кілікті жауап берілмеді, не төмен­детіледі, не қалатыны қа­был­данбады. Дәлірек айтсақ, біз сауалымызға жауап алмадық. Ал кейбір жағдайларда, мысалы, Текелі қаласы мәслихатынан бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету мәселесі бойынша ұсыныстар түспегені туралы бізге хат келіп түсті», дейді сауда жө­ніндегі салалық кеңесінің төра­ғасы Эдиль Қазақпаев.

Неліктен үдеріс соншалықты ке­шіктірілді? Бұл әрекет кәсіп­кер­лер үшін түсініксіз болып отыр. Жауапты салалар осы уақыт бойы дайындық жұ­мыс­­тары жүргізілгенін айтуда. Тіп­ті жақын шамада ше­шім қа­­был­дауға уәде бер­генін ха­бар­­лады. Бірақ тағы да сиыр­құ­йым­­­шақтанып кете ме деген қауіп бар.

Мемлекеттік кірістер коми­те­тінің ресми ақпаратына сүйен­сек, жергілікті өкілді орган бөл­­­шек салық мөлшерлемесін тө­мен­дету туралы оң шешім қа­был­да­ған жағдайда, бұл заң 2024 жылдың қаңтарынан бас­тап кү­шіне енуі мүмкін. Ал шешім ке­йінірек қабылданса, онда Са­лық кодексінің 696-3-бабының 5-тармағының нормасын ескере отырып, ЖӨО-ның бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешімі 2025 жылға шегерілмек.

Бүгінде Астана қаласында, Қызылорда және Қарағанды об­лыс­тарының бірнеше елді ме­кен­­дерінде халық қалау­лы­лары бөлшек салық мөлшер­ле­ме­сін шілдеге дейін төмендетуге да­уыс берген. Соның нәтижесінде мөлшерлеме төмендеген. Енді мұндай мүмкіндікті Жетісу об­лысының кәсіпкерлері де пайдаланып көргісі келеді.

Жетісу облысы 

Бөлісу:
Жетісу кәсіпкерлерінің базынасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар