Білім
1 мин оқу 213

Бүгін бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды

<p style="text-align: justify;">Астанада бүгін қатты аязға байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып аралығындағы оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ Павлодар облыстық білім басқармасы мектептерде сабақтардың тоқтатылатыны туралы хабарлады. Бүгін бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді.

Абай облысының әкімдігі де Бородулиха ауданында бірінші ауысымда 1-11 сынып оқушылары, ал Бесқарағай ауданында 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшіріліп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар Қостанайда және Қостанай облысының бірқатар ауданында 8 желтоқсанда бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшірілетіні хабарланды. 

Бөлісу:
Бүгін бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар