8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
<div class="article__description"> <p style="text-align: justify;">8 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Соның әсерінен бүгін аяз күшейіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.</p> </div>
Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі. Шығыс өңірлерде бұрқасын да болады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
«Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ауа температурасы күндіз -22-24 градус аяз күтіледі. Алматы қаласында 2+4 градус жылы болады. Ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Шымкентте көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақытта тұманды ауа райы күтіледі. Ауа температурасы 4+6 градус жылы болады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 7 желтоқсан күні сағат 18.00-ден бастап аязға байланысты Астана қаласынан шығатын барлық республикалық жолдар жабылды.