Ауа райы
1 мин оқу 365

-46 градус: Еліміздің солтүстік өңірлерінде аяз күшейеді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері 9-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Алдағы үш күнде арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, аяз күшейеді. Ал атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың шығысында қар жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. Республиканың оңтүстігінде тау бөктерінде және таулы аймақтарда қатты қар жауады», делінген хабарламада.

Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста 20-37 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38 градус аяз, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аязға дейін суытады. Орталықта және шығыста күндіз 25-35 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады. 


Бөлісу:
-46 градус: Еліміздің солтүстік өңірлерінде аяз күшейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар