Президент адам құқықтары туралы Жарлыққа қол қойды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» <a href="https://www.akorda.kz/kz/adam-kukyktary-men-zan-ustemdigi-salasyndagy-is-kimyl-zhospary-turaly-811126" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Жарлыққа</a> қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:
1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 8 желтоқсан