Спорт
2 мин оқу 2,740

А.Шымбергенов, С.Тәшкенбай және тағы басқа боксшылар айқастарының тікелей көрсетілімі

<p style="text-align: justify;">Бокс кешінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Данияр Елеусінов, Бекзат Нұрдәулетов, Дулат Бекбауов, Ерасыл Жақпеков, Асланбек Шымбергенов, Серік Теміржанов, Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай жұдырықтасады. Желтоқсанның 15-і күні елорда төрінде алғаш рет өтетін &laquo;Чемпиондар түні IBА&raquo; &ndash; &laquo;Astana Arlans&raquo; турнирінде 8 қызықты жекпе-жектің әрқайсысы 6 раундтан тұратын болады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

71 келі салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, КО 6) Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Джабулани Макхенсемен (14-2, КО 7) жұдырықтасады. Д. Елеусінов бұған дейін 2015 жылы шаршы алаңға шыққан еді. Ал қарсыласы алғаш рет сырт елде айқас өткізгелі тұр.

2019 жылғы әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының қатысушысы Бекзат Нұрдәулетов (6-0, 2 KO) әлі жеңіліп көрмеген Ресей спортшысы Никита Зонмен (7-0-1, КО 5) 80 келіде кездеседі.

67 келіде 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 2019 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері, WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта 10-орында тұрған Харитон Агрбамен (12-0, КО 8) жұдырық түйістіреді.

2022 жылғы ҚР чемпионы, әрі 2023 жылғы 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия вице чемпионы Ерасыл Жақпеков 80 келіде жастар арасында Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (19-22 жас), Нидерланды боксшысы Градус Клауспен айқасады.

Биылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіде мексикалық Хосе Мигель Боррегомен (20-4, КО 17) жекпе-жек  өткізеді.

2021 жылғы әлем чемпионатының финалисті және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 63,5 келіде Сербия намысын қорғайтын орыс боксшысы Павл Фёдоровпен (3-0, КО 1) кездеседі.

2023 жылғы әлем чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі Махмұд Сабырхан 57 келіде кубалық Освальдо Диаспен шаршы алаңға шығады.

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай 51 келіде 2 дүркін Азия чемпионы, Өзбекстан спортшысы Нодиржон Мирзаахмедовпен жұдырықтасады.

Елімізде бокс кешін — Qazsport, ал Ресейде — «Матч ТВ» каналдары тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу: