Хоккей
1 мин оқу 110

Будапештте бақ сынайды

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Қазақстанның жастар құрамасының аға жаттықты&shy;рушысы Сергей Старыгин әлем бірін&shy;шілігіне қатысатын ойыншы&shy;лардың есімдерін атады.</p>

Будапештте бақ сынайды

Бұл тізімге мына хоккейшілер енді: Қақ­пашылар – Владимир Никитин («Chilliwack Chiefs», BCHL, Канада), Владимир Истомин («АКМ-Юниор»), Артем Шестаков («Снеж­ные барсы). Қорғаушылар – Артем Авдеенко, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Мстислав Шипи­лин («Снежные Барсы»), Дмитрий Бреус («Чайка»), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Даниал Шақшақбаев («Номад»). Шабуылшылар – Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Алек­сандр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смолья­нинов («Снежные Барсы»), Александр Ким, Дав­лат Нұркенов («Assat», Финляндия), Все­во­лод Логвин және Руслан Оспанов («Барыс»).

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мажар­станның астанасы Будапештте бірінші дивизиондағы командалар арасындағы жастардың әлем біріншілігі басталды. Бұл жарыс 17 желтоқсанға дейін созылады.

Бөлісу: