Алматы
2 мин оқу 260

Бағыттаушы белгілер орнатылды

<p style="text-align: justify;">Көз тұндырар көркем табиғатымен ерекшеленетін Алматы облысын туризмнің отаны десек, артық айтқандық емес. Жыл сайын өңірге ағылатын туристер саны еселенді. Соған лайық қызмет көрсету аясы да жанданып, жаңашаланып келеді.</p>

Бағыттаушы белгілер орнатылды

Облыстық туризм басқар­масы биыл өңірдің негізгі ту­ристік орындарына на­ви­гациялық жүйені орнату жобасын іске асыруды бас­таған еді. Атап айтсақ, Таң­балы тас, Түрген және Тал­ғар, Саты шат­­қалдары, Ассы үс­тір­ті, Тал­­­хиз қалашығы, Көл­­­сай, Қа­йыңды және Есік көл­де­рі,  Қара Каньон ту­ристік бағыттары бо­йынша жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде белгіленген нүк­телерге 42 бірлік бағыт­таушы белгілер мен стеллалар орнатты.

СМ

Сондай-ақ 120-дан аса демалыс аймағы орналасқан Қапшағай су қоймасының жа­ғалауында туристік бағыт-бағ­дар жүйесін кеңейту жұ­мыс­­тары жүргізілгенін атау ләзім.

Табиғи ресурстарға бай әрі қолайлы инвестициялық климаты бар перспективалы өңірдің айтарлықтай өндіріс әлеуеті бар. Сонымен қатар облыс барлық маусымдық туризмді дамытуға өте қолай­лы. Мұнда туризмнің түрлерін, атап айтқанда киелі, эко­логиялық, мәдени-тарихи, кемпинг, гастрономиялық, аң­шылық, этнографиялық, тіпті әлеуметтік түрлерін то­лық­тай дамытуға болады. Бұл аймақ бүгінде елдің бизнес-қо­ғамдастығын және шетелдік ту­ристерді тартуда белсенді.

СМИ

«Жеңіл инфрақұрылымды құру еліміздің туристік саласын дамы­тудың 2023-2029 жылдарға арнал­ған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүр­гізілді. Не­гізгі мақсаты – туризм ин­­фра­құрылымын жақ­сар­ту, ту­ристердің туристік-ре­креа­циялық аймақтарға жетуін жеңілдету және туристердің бейтаныс аймақтарда ыңғайлы жүруіне жағдай жасау.

Қабылданып жатқан іс-ша­ралар өңірдің тартымды туристік орталық ретінде дес­тинацияның оң имиджін қа­лыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ облыс аумағында туристердің жайлы және ыңғайлы сапарлауына және оң кері байланыс арқылы туристер санының артуына ықпал етеді», дейді «Ал­маты облысының туристік ақпараттық орталығы» КМҚК директорының орынбасары Азамат Жолданбаев.

Алматы облысы 

Бөлісу: