Шавкат Рахмонов – UFC Countdown аңдатпасына түскен тұңғыш қазақ спортшысы
<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жекте жеңіліске ұшырамаған қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең таңдаулы промоутерлік ұйым UFC-дегі кезекті айқасын Тәуелсіздік күні өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дүниежүзіндегі ММА спортының таңдаулы саңлақтары қатаң сүзгіден өткен соң ғана жолы түсетін UFC аренасында Шавкат Рахмонов осы уақытқа дейін 5 мәрте жекпе-жекке түсіп, барлығында жеңіске жетті. Кезекті айқасын 16 желтоқсанда (Астана уақытымен 17 желтоқсанда) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында америкалық Стивен Томпсонға қарсы өткізеді.
Осы жекпе-жек кешінің Countdown аңдатпасында Шавкат Рахмонов туралы да кеңінен қамтылып айтылды. Бұған дейін Қазақстанның бірде-бір спортшысы UFC-дің Countdown бейнеролигінің назарына ілінген емес. Countdown – UFC октагонында айқасқа түсетін жауынгерлердің ішіндегі шоқтықтысы туралы жан-жақты мәлімет беріп, жекпе-жекке қатысты ой-пікірін талқылайтын бейнеролик. Шавкат дүниежүзіне таралатын бейнероликте өзі жайындағы мәліметті қазақ тілінде баяндады.