Әлем
1 мин оқу 2,773
Мәскеудегі сауда орталығында Өзбекстан азаматы серігін пышақтады
<p style="text-align: justify;">Мәскеудің солтүстік-батысындағы сауда үйлерінің бірінде Өзбекстан азаматтары төбелесіп, бір-біріне пышақ жұмсаған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> @videobormi телеграм арнасына сілтеме жасап.</p>
Оқиға 10 желтоқсан күні болған. Олардың жанжалына Өзбекстан азаматының дәріханадан дәрі-дәрмек ұрлап шыққаны себеп болған. Дәріхана қожайыны күзетшіні жұмысын жауапты орындамадың деп айыптаған.
Айқай-шу, төбелеске ұласып, Мәскеудегі мигрант пышақпен серігінің ішін жаралаған. Қазір жарақат алған азамат емханада. Қылмыс жасады деген күдікті азамат қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған.
Бөлісу: