Аймақтар
1 мин оқу 183

Артем жинаған ақша

<p style="text-align: justify;">Атыраулық оқушы Артем Кеорков әр елдің ақшасын жинауды ұнатады. Қазір оның жеке қорында 80 мемлекеттің банкноты бар. Өйткені ол тек Қазақстанның ғана емес, өзге елдердің ақшаларын жинаған.</p>

Артем жинаған ақша

Артем Кероков Атырау қаласын­дағы №17 мектеп-лицейінің 7-сыныбында оқиды. Нумизматикаға аң­сары ауған оқушының қорында 1993 жылы қолданысқа енгізілген теңгенің ал­ғаш­қы нұсқалары сақталған. Әкесі Сер­гей де әр елдің ақшасын жинап жүр.

«Алғашқы жинаған банкнотым – 30 жыл бұрын шығарылған 100 теңге. Бұл банкнотта қазақ ханы – Абылайдың портреті бейнеленген. Оны әкем туған күніме сыйлаған еді. Сол себептен оны ең қымбат банк­нот деп есептеймін. Содан бері әр ел­дің ақшасын жинай бастадым. Қа­зақ­тың ұлы тұлғалалары Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнанбайұлы, Құр­манғазы Сағырбайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Әбілқайыр хан бейнеленген теңгелер, Еуропа, Африка, Оңтүстік Африка, оның ішінде Тринидад және Тобаго, Эритерия, Джибути секілді 80 мемлекеттің банкнотын жина­дым», дейді Артем Кеорков.

Ол бос уақытын өзі жинаған ақша­ларды зерттеуге арнайды. Өйткені валютасынан әр елдің тарихы мен мәдениетінен, тіпті табиғатынан ақпа­рат алуға болады.

«Бәрінен еліміздің ұлттық валю­тасы – теңгенің жөні бөлек. Теңгенің дизайнын ұнатамын. Әкем екеуміз шағын көрме ұйымдастырып, қаты­сушыларға теңгенің тарихы, құн­ды­лығы туралы әңгімелейміз. Еліміздің әр өңірінде монеталармен алмасатын достарым бар», дейді Артем Кеорков.

Атырау облысы 

Бөлісу:
Артем жинаған ақша · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар