Хоккей
1 мин оқу 92

Біріншілікті сәтті бастады

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Қазақстан құ&shy;ра&shy;масы Мажарстанның астанасы Буда&shy;пештте өтіп жатқан жастар арасында әлем біріншілігін сәтті бастады.</p>

Біріншілікті сәтті бастады

«А» тобында өнер көрсететін жерлес­теріміз тұсаукесер кездесуін жарыс қожа­йындарына қарсы өткізді. Ойын тізгінін бір­ден қолға алған Сергей Старыгиннің шәкірт­тері бірінші кезеңде екі шайбаны қақпаға енгізді. Бұл голдардың авторлары – Давлат Нүркенов (4-минут) пен Егор Смольянинов (13-минут). Оған мажарстандықтар Герго Михаликтің (14-минут) голымен ғана жауап қайтарды. Үзілістен кейін Бендегуз Добош (39-минут) таразы басын теңестірді. Есесіне үшінші кезеңде қонақтар қарқынын күшейтті. 49-минутта Артем Авдеенко нысананы дәл көздесе, 53 және 58-минуттарда Всеволод Логвин қатарынан екі гол соқты. Есеп – 5:2.

Кеше түнде еліміздің хоккейші­лері Дания­мен күш сынасты. Одан кейін біз Франция, Жапония және Аустария құра­ма­ларымен шеберлік байқасамыз.

Бөлісу: