«Ата жолында» жүрген: Петропавлдық діни ағым өкілі жауапқа тартылды
<p>СҚО Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстанда тыйым салынған "Ата жолы" оккульттік-мистикалық діни ағымының өкілі - Петропавл тұрғынын анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Тұрғылықты жері бойынша ол діни атрибуттарды қолдана отырып, дәстүрлі емес емдеумен айналысқан. Белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 489-бабының 10-бөлігі бойынша материал жиналды», деп жазды СҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кетсек, Қазақстанда 2009 жылдың 5 ақпанында "Ата жолы" ағымына тыйым салынды. Секта басшылығының бір ізбасары өз-өзіне қол жұмсап, алаяқтық жасады деп айыптағаннан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Ата жолы" ЖШС-ні тарату, оның ішінде БАҚ арқылы осы сектаның қызметін насихаттау және тарату жөніндегі қызметке тыйым салу туралы шешім шығарды.
«Небәрі 11 айдың ішінде СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс аумағында діни заңнаманы бұзудың 24 фактісін анықтады», делінген полиция хабарламасында.