Саясат
1 мин оқу 112

Энергетика саласындағы әріптестік

<p style="text-align: justify;">Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр &laquo;Doosan Enerbility&raquo; компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Юнхо Янгпен кездесті.</p>

Энергетика саласындағы әріптестік

Кездесу барысында Янг мырза «Doosan Enerbility» компаниясының энергетика саласындағы ынтымақ­тас­тықты одан әрі дамыту бойынша ұсы­ныс­тарымен таныстырды. Атап айтқанда, елімізде генераторларды, кәдеге жарату қазан­дықтарын, жел турбиналарын құрастыру бойынша өндірістер, сондай-ақ технологиялар трансферті бойынша құзырет орталығын құру туралы сөз болып отыр.

Өз кезегінде Роман Скляр Қазақстан мен Корея Республикасы стратегиялық әріптестер болып табылатынын және «Doosan Enterbility» инвестициялық ұсы­ныстары халықаралық ынтымақтастық пен елдеріміз арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға бұдан да үлкен ынталандыру беретінін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Бөлісу:
Энергетика саласындағы әріптестік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар