Спорт
1 мин оқу 730
Боксшы Батыр Жүкембаев бұрынғы әлем чемпионын тізе бүктірді
<p style="text-align: justify;">Флоридада (АҚШ) өткен бокс кешінде франциялық Мохамед Мимунды (23-5, 4 КО) отандасымыз Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Спорт жаңалықтары» телеграм арнасына сілтеме жасап.</p>
Толық он раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер шешімімен қазақ боксшысының асығы алшысынан түсіп, WBA Continental North Americas титулын сәтті қорғады. Ал М.Мимун осыған дейін IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы болған.
Бөлісу: