Спорт
1 мин оқу 276

Шайбалы хоккей: Қазақстан спортшылары көш бастады

<p style="text-align: justify;">Венгрияның бас шаһары Будапештте өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында 1А дивизионында Қазақстан жастар құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан құрамасы Франция хоккей қақпасына 4 шайба соғып, ойсырата жеңді (4:0).

Естеріңізге салайық, бұған дейін еліміздің жастар құрамасы әуелі Венгрияны (5:2) ұтты, кейін Даниядан (3:2) басым түскен еді.

Қазақстан жастар құрамасы үш ойыннан кейін 9 ұпаймен көш бастап келеді.

Бүгін Қазақстан Жапонияға қарсы матч өткізеді.

Айта кетсек, 1А дивизионының жеңімпазы келесі жылы Жастар арасындағы әлем чемпионатының элиталық кезеңінде ойнайды.

Бөлісу:
Шайбалы хоккей: Қазақстан спортшылары көш бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар