Қаржы
1 мин оқу 220

Доллар арзандап, мұнай қымбаттады

<div class="description" style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасының (KASE) дерегінше, доллардың орташа сараланған бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 455,63 теңге болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 63,90 теңге (+0,67) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 491,46 теңге, рубльді 5,07 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 458,5 - 460,5 теңге, еуро 492 - 495,5 теңге, ресей рублі 5,01 - 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Сондай-ақ әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттағанын айта кету керек.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны 1,24%-ға өсіп, барреліне 75,18 доллар болды.

Ал NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 1,09%-ға қымбаттап, 70,23 доллар болды.

Бөлісу:
Доллар арзандап, мұнай қымбаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар