Президент
1 мин оқу 211

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Harmony Steam School» мектебі таныстырылды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысына YDA Group өнімдерімен толық жабдықталған және компанияның қаржысына салынған &laquo;Harmony Steam School&raquo; мектебі таныстырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Балалар мұнда нақты ғылымдарға басымдық бере отырып, STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Math) технологиясы бойынша оқиды. Мектепті бітірген түлектер инженерлік мамандық алып шығады.

«STEAM – физика, математика сияқты техникалық пәндерге баса мән берілетін ерекше бағдарлама. Сапалы білімге қатысты барлық бастамаға оң көзбен қараймын. Біз сіздерді қолдаймыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы отандық өндірісті дамыту және ірі жобаларды іске асыру кезінде жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесін арттыру маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Harmony Steam School» мектебі таныстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар