Үкімет
1 мин оқу 200

Экологиялық көліктің келешегі

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.</p>

Экологиялық көліктің келешегі

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымда экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері туралы заң жобасы ұсынылады.

Заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бас­тамасымен әзірленді. Онда тұрғын үйлерді, бизнес орталықтарды, сауда-ойын-сауық орта­лықтарын, қонақүйлерді, қоғамдық тамақтану орындарын және басқа да нысандарды салу кезінде, жол бойында, қоғамдық орындарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда элект­ро­мобильдерді зарядтау құрылғылары үшін жекелеген орындарды белгілеу қарастырылған.

Сондай-ақ Мәжілістің қарауына адамдардың реадмиссиясы туралы Қазақстан-Эстония үкімет­аралық келісімін ратификациялау туралы заң жобасы енгізіледі.

Алдағы жалпы отырыста Палата комитеттері сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселе­леріне қатысты жаңа заң жобаларын да жұмысқа алады.

Сонымен қатар депутаттар Жекелеген ауди­тор­лық іс-шаралардың қорытындылары бо­йынша су ресурстарының басқарылу тиімділігін талдау туралы Жоғары аудиторлық палатаның есебін тындайтын болады.

Бөлісу:
Экологиялық көліктің келешегі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар