Аймақтар
1 мин оқу 440

Ұлы дала мұрагерлері

<p style="text-align: justify;">Ақтау қаласындағы NIS мектебінің оқушы&shy;лары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада &laquo;Ұлы дала мұрагерлері&raquo; домбырашылар шеруін өткізді.</p>

Ұлы дала мұрагерлері

Аталған мектептерде тәуел­сіздік мерекесін ұлықтаумен қа­тар, мектеп оқушыларына ұлт­тық дәстүрді насихаттау мақса­тында осындай игі іс-шара ұйымдас­тырылған.

Биыл күйшілер шеруіне мектептің «Қос перне» домбырашылар ансамблінен құралған 120 күйші қатысты. Жас домбыра­шылар халық күйлерінен попурри, «Торжорға», «Ерке сылқым» секілді күйлерді орындап, көрер­мендерді ерекше әсерге бөледі.

– Халқымыздың мәдениеті мен музыкасын дәріптеу, өскелең ұрпақты ұлттық құн­дылықты ұлықтауға тәрбие­леу­дегі бұл іс-шараның ма­ңызы зор екендігін айтқым келеді. Назарбаев Зият­керлік мек­тептерінің қосымша білім беруді дамытудың 2030 жылға дейінгі концепциясы негізінде 7-сыныптар үшін дом­быра сабағы міндетті түрде өткізіледі, – деді мектеп директоры Ринат Нұрланұлы.

Халқымыздың ұлы мұра­ларының иесі – жастар, олар қастерлеген құндылықтары мәңгі жасай бермек.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Ұлы дала мұрагерлері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар