Әлемдік додаға жолдама алдық
<p style="text-align: justify;">Еліміздің футзалшылары 2024 жылы Өзбек­станда жалауы жел­бі­рей­тін әлем чем­­­пио­натының ірік­теу турнирінде Ни­дер­­­ланд құра­ма­сымен шеберлік байқасты.</p>

Астанада өткен матч басталған бетте Біржан Оразов жылдам гол соғып, жергілікті жанкүйерлерді бір желпіндіріп тастады. Арада алты минут өткеннен соң Дуглас Жуниор допты торда тулатты. Есеп – 2:0. Содан кейін ойынның қарқыны сәл саябырсыды. Қонақтардың бойынан жеңіске деген құлшыныс байқалмады. Сол себепті де алаң иелері қарсыластар қақпасына топырлатып гол соғуға асықпады. Осы есеп бәсекенің соңына дейін сақталды.
Сөйтіп, іріктеу сынында 15 ұпай жиған Қазақстан құрамасы «А» тобында бірінші орынды иеленіп, келесі жылдың 14 қыркүйегі мен 6 қазан аралығында өтетін әлем чемпионатының жолдамасына иелік етті.