Аймақтар
1 мин оқу 780
Қолайсыз ауа райына байланысты 23 пойыз жолға шықпайды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан темір жолы компаниясы Жамбыл облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты пойыздар кестесінде түрлі өзгерістер болып жатқанын мәлім қылды. Оның ішінде 23 бағыттағы пойыздың қызметі уақытша тоқтатылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қолайсыз ауа райына байланысты пойызда жүру уақытынан 2-27 сағат аралығында кейінге шегеріліп жатыр. Кейбір пойыздар, тіпті, кестеден алынып тасталған.
Уақытша жолға шықпайтын пойыз бағыттарын мына жерден көре аласыздар.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының хабарлауынша, жолаушылар пойыздарының өтуін қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының теміржолшылары өңір үшін қалыптан тыс қардан жолды тазарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр.
Теміржол төсемін тазарту үшін арнайы қар тазалау және қардан аршу техникалары жұмылдырылған. Жол дистанциясының қызметкерлері техника өте алмайтын жерлерді қардан тазарту жұмыстарын жалғастыруда.
Бөлісу: