Өнер
1 мин оқу 450

«Құда күткендей». Астаналықтар америкалық әнші Akon-ды қошеметтеп қарсы алды

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде америкалық әнші Akon-ды Астанада қалай қарсы алғаны туралы видео пайда болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елорда әуежайына келген өнерпазды іс-шараны ұйымдастырушылар мен ұлттық киім киген арулар қарсы алып, гүл шоғы мен домбыра сыйлады.

Akon - сенегалдық және америкалық әнші, рэпер, композитор, продюсер, кәсіпкер, филантроп және актер.

Akon 15 желтоқсанда Алматыда, 18 желтоқсанда Астанада жеке концертін берді.

Еске сала кетейік, жақында ғана Akon-ның өзі Қазақстан азаматтарына жеке бейнеүндеу жолдаған болатын. Онда ол қазақ жұртшылығымен кездесуді асыға күтетінін айтқан.

Бөлісу:
«Құда күткендей». Астаналықтар америкалық әнші Akon-ды қошеметтеп қарсы алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар