Шымкент қалалық басқарма басшысының орынбасары жол апатынан қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Алматы облысы аумағындағы тасжолда Шымкент қалалық басқармасы басшысының орынбасары жол апатына ұшырап, қаза тапты. Аталған ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><a href="https://www.instagram.com/p/C0_qJCxIbbz/?igshid=ZWQ3ODFjY2VlOQ%3D%3D"> Elitar.kz </a>инстаграм арнасына сілтеме жасап.</p>
Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Абдуқадіров Lexus LX 470 көлігінің рөліне ие бола алмай, жүк көлігіне соғылып, оқиға орнында жан тәсілім еткен.
Оқиға желтоқсанның 18-і күні сағат 8:00-де Беріктас ауылынан 3 шақырым жерде Алматы-Бішкек тасжолында болған. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан айналма жолдан шығып бара жатқан Volvo fn 420 жүк көлігімен соқтығысқан.
8, 5, 2 жастағы балалар түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Жүк көлігі жүргізушісінің хал-ахуалы белгісіз.