Спорт
1 мин оқу 810

UFC Шавкат Рахмоновқа үш жаңа қарсылас ұсынды

<p style="text-align: justify;">UFC Eurasia Instagram-дағы ресми парақшасында қазақ файтері Шавкат Рахмоновқа үш жаңа қарсылас ұсынды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

UFC Eurasia Рахмановқа алдағы уақытта сегізбұрышқа шығатын үш ықтимал жартылай орта салмақтағы ең танымал файтерлерді меңзеп отыр.

Парақша жанкүйерлерге қарата «Шавкат Рахмонов үшін келесі кім?» деп жазба қалдырды.

Nomad-қа олар таңдаған қарсыластар ішінде жартылай орта салмақтағы чемпион Леон Эдвардс, белбеудің бұрынғы иесі Камару Усман және титулға үміткер болған Колби Ковингтон бар.

Бөлісу:
UFC Шавкат Рахмоновқа үш жаңа қарсылас ұсынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар