Қоғам
1 мин оқу 420

Телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтатады

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және ақпарат министрлігі 23 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ.уақыты бойынша) «Қазмедиа орталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып профилактикалық жұмыс жүргізетін болады.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтатады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар