Қаржы
1 мин оқу 371
2024 жылы орташа зейнетақы мөлшері қанша болады?
<div class="description" style="text-align: justify;">Бүгін, 20 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылы зейнетақы бойынша қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div> <div class="content"> </div>
Министрдің айтуынша, базалық зейнетақы төлемі ұлғайып келеді.
«Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5 пайызға көтереміз. Инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7%, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Зейнетақының орташа мөлшері келесі жылы шамамен 130 мың теңге болады», деді Светлана Жақыпова
Оның сөзінше, 2023 жылы ел азаматтарының орташа зейнетақысы 120 мың теңге болған.
Бөлісу: