Аймақтар
1 мин оқу 222

Қатты желден жүк көлігі аударылып қалды

<p style="text-align: justify;">Абай облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 19 желтоқсан Омбы &ndash; Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болғанын мәлім етті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Апатқа ұшыраған көлік тізгініндегі жүргізушіге жолда кетіп бара жатқан полиция қызметкерлері көмекке келген. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі – Ресей Федерациясының азаматы жол қозғалысы ережелерін бұзбағанын, көлік қатты желдің салдарынан аударылғанын айтқан.

Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгінген. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізген.

Бөлісу:
Қатты желден жүк көлігі аударылып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар