Қоғам
1 мин оқу 233

АҚШ-тағы Азия аруы

<p style="text-align: justify;">Мұхиттың арғы жаға&shy;лауындағы елдерге білім із&shy;&shy;деп барып, жұмыс істеп жүр&shy;ген қазақ жастары аз емес. Шетелде елдің абы&shy;ройын асырғандар ішінде аты&shy;раулық Әсел Көп&shy;ті&shy;леуова да бар. Оның АҚШ-қа бар&shy;&shy;ғанына 20 жылға жуық&shy;таған.</p>

АҚШ-тағы Азия аруы

Оның айтуынша, 14 жыл Нью-Йорк қаласының тұрғыны болған. Екі жылдан бері Лос-Анджелес шаһарында тұрады. Кәсібін кинематографиямен байланыстырып жүр. Жақында ол «Miss Asia USA» байқауында бақ сынады.

«Бұл байқау АҚШ-та 35 жылдан өтіп келеді. Кино түсірудің қыр-сырын зерттеп жүрмін. Театрда жұмыс істеймін. Кино­фестивальдің бірінде мені атал­ған байқауға қатысуға ша­қыр­ды. Биыл байқауға қатысу үшін шығынның бәрін өзім көтердім. Ұстазым Айнұр Аман­гел­ді­қы­зы мен құрбым Әсел Аб­драх­­ма­нованың зор қол­дауын се­зіндім», дейді Әсел Көп­тілеуова.

АҚШ-тағы сұлулар бай­қауы­ның қазылар алқасы Әсел Көптілеуованың сахна мәде­ниетін меңгергеніне, өнеріне тәнті болған. Үміткерлердің арасынан оны «Miss Asia USA» аталымына лайық деп тапты.

Атырау облысы 

Бөлісу:
АҚШ-тағы Азия аруы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар