Жекпе-жек
1 мин оқу 213

Шавқат – үшінші орында

<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен турнирде жергілікті спортшы Стив Томпсонды ұтқаннан кейін Шавқат Рахмонов UFC-дегі рейтингін жақсартты.</p>

Шавқат – үшінші орында

29 жастағы қандасымыз аталған жарыс­қа дейін жартылай орта салмақтағы фай­тер­лердің рейтингінде бесінші орында тұрған. Ал кейінгі жарқын жеңісінен кейін Рахмонов екі сатыға жоғарлап, қазіргі кезде үшінші орынды еншілеуде. Оның алдында – тек 36 жастағы Камару Усман мен 35 жастағы Белал Мұхаммад. Олар АҚШ-тың туы астында өнер көрсеткенімен, екеуінің де шыққан тегі мүлдем басқа. Атап айтсақ, Усман Нигерия­ның Аучи қаласында туып өсті, ал Белалдың ата-аналары – Палестинаның тумалары.

Әзірге бұл салмақтың чемпиондық атағы Леон Эдварсқа тиесілі. Ямайкада дүниеге келген 32 жастағы «Рокки» бүгінгі таңда Ұлыбританияда тұрып жатыр және де сол елдің намысын қорғауда.

Бөлісу:
Шавқат – үшінші орында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар