Қазақстан
1 мин оқу 230

Қайтқан жерде қайыр бар

<p style="text-align: justify;">Пайдаланылмай жатқан және жекелеген шаруашылықтардың құзырына заңсыз өтіп кеткен жерлерді қайтару қадамы елге болсын деген ниеттен туып отыр. Өйткені иелігіндегі ен жерді игермей, шаруаға икемдемей бостан-бос ұстаған латифундистердің кесірінен жұртымыз қаншама игіліктен қағылды. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Президент пәрменімен біраз жұмыс қолға алынып, нәтижесінде 10 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.</p>

Қайтқан жерде қайыр бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес 2022-2023 жылдар аралығында тиісті жұмыстар атқарылды. Бұл ретте Президент тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау мақсатында Премьер-ми­нистр Әлихан Смайыловтың өкімімен арнайы мемлекеттік комис­сия құрылды. Оның құра­мына құқық қорғау орган­дарының, министрліктер мен әкімдіктердің өкілдері кірді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 10 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ жайылымдық жер тапшылығы мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қайтарылған жерлерді тиісті елді мекендерге бекіту арқылы шаруаларға қатаң тәртіппен нақты қажеттілік үшін беріліп жатыр.

Мемлекет басшысының тап­сырмаларын орындауда «Amanat» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының қоғамдық-партиялық бақылауы маңызды факторға айналды. Атап айтқанда, аталған комиссия қайтарылатын жерлерді қайта бөлуді бақылаумен айналысты.

Осылайша, жерді халық ара­сында одан әрі әділ бөлу мәсе­лелері Үкіметтің ерекше бақылауында болады.

Бөлісу:
Қайтқан жерде қайыр бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар