Спорт
1 мин оқу 240

Азиаданың күміс медалін олжалаған спортшыға Астанадан пәтер берілді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Елордада жыл сайынғы &laquo;Астана&raquo; спорт форумы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</span></p>

Іс-шарада Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға пәтер кілті табысталды.

Елорда әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ ұйымдастырған іс-шара Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

«Әкімдік пен Спортшылар одағы осы іс-шараны бірлесіп өткізу туралы шешім қабылдады. Елордада спорт саласы дамып келеді. Бұл біз үшін ерекше маңызға ие. Спорт адамдарды ғана емес, елдерді де біріктіреді. Спорттың күші міне осы», деді іс-шара барысында Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Бөлісу:
Азиаданың күміс медалін олжалаған спортшыға Астанадан пәтер берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар