Қоғам
1 мин оқу 204
Ел азаматтары қаңтар айында қанша күн демалады?
<p style="text-align: justify;">2024 жылдың қаңтар айында Қазақстан азаматтары жалпы 10 күн демалады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Демек, аптасына 5 күн жұмыс істейтін азаматтар 4 күн қатарынан демалады.
Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 30 желтоқсанда да қызметтерін атқарады.
Одан әрі – 3, 4 және 5 қаңтар – жұмыс күні.
Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтарда әдеттегідей демалады.
Бөлісу: