Аймақтар
1 мин оқу 244

50 отбасы баспаналы болды

<p style="text-align: justify;">Жуырда Жалағаш кентінде 50 отбасы баспаналы болды. Осыған байланысты ұйымдастырылған рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, тұрғындарды құттықтады.</p>

50 отбасы баспаналы болды

– Кейінгі жылдары Сыр өңірінде бой көтерген жаңа заманауи нысандар аудан орталықтары мен қала сәулетінің, тұрғындардың өмір са­па­сының артуына қызмет етіп ке­леді. Бүгін Жалағашта жаңа бас­панаға қол жеткізген 50 отба­сының қуа­нышын сезініп тұрмыз. Бұл – тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған қолдаудың нақты көрінісі, – деді аймақ басшысы.

Еңбек ардагері Әбілқайыр Ерәлиев жаңа баспанаға қол жеткізген тұрғын­дарды құттықтап, бата берді. Бүгінде Сыр өңірінде 4170 пәтерлік 300 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Осы күні аудандағы Мырзабай ахун ауылында дәрігерлік амбулатория мен кентте теміржол көпірі үс­тінен өтетін жаяу жүргіншілер жолы қол­данысқа берілді. Жыл соңына дейін Аламесек ауылындағы медицина мекемесінің ғимараты пайдалануға беріліп, келушілерді қабылдай бас­тайды. Келер жылы Қаракеткен ауылын­да фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысы басталады.

Қызылорда 

Бөлісу:
50 отбасы баспаналы болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар