Оқиға
1 мин оқу 834

«Хан Шатыр» cауда орталығынан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Астана қаласындағы &laquo;Хан Шатыр&raquo; cауда орталығы ғимаратында өрт болып, оған келушілер және қызметкерлер мен жұмыскерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 желтоқсанда сағат 14:00-де өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылындағы «Хан Шатыр» сауда орталығындағы өрт туралы хабарлама бойынша оқиға орнына шұғыл барды.

«Келгеннен кейін өрт сөндірушілер бес минут мұғдарында ғимараттың артқы есігі жағынан қап-қара қою түтіннің шығып жатқанын анықтаған. 10 кв жеке тұрған трансформаторлық қосалқы станция және №0 қабаттағы кабельдік шахта өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ТЖД.

Өртті жою бойынша жеке құрамның 66 адамы, қалалық ТЖД-нің 14 техникасы, өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу: