Жастар
1 мин оқу 240
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталды
<p style="text-align: justify;">Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталып, ұлттық комиссияның шешімімен 50 адам қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ұлттық комиссияның қарауына жіберілген 100 үміткердің қорытынды кезеңнен өтпей қалған 50-іне өңірлік кадрлық резервтерге өту ұсынылады.
Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтар саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервте болу мерзімі – 3 жыл.
Іріктелген кандидаттар тізімі pkrezerv.gov.kz. сайтында жария етілді.
Бөлісу: