Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
<p>Бақытжан Сағынтаев жаңа жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа басшысы болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин ЕАЭО Жоғарғы кеңесінде мәлімдеді.
- 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан президентінің әкімшілігінде істеді, үкімет төрағасы, Қазақстанның премьер-министрі болды, - деді Ресей президенті.
Өткен жылы Сағынтаев Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды. Шешім ЕАЭО саммитінде қабылданды.