Ауа райы
1 мин оқу 213
Жаңбыр, қар, жел: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?
<p style="text-align: justify;">Синоптиктердің болжауынша, бүгін елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.</p>
Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыста жаңбыр жауып, солтүстік-батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста қалың қар жауады.
Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарының бірқатар ауданында жел секундына 30 метрден асады.
Бөлісу: