Аймақтар
1 мин оқу 144

Қостанайда 10 көлік бір-біріне соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қостанайда қатты жел соғып ауа райы қолайсыз болып тұр. Соның салдарынан бір мезетте 10 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жол апатынан қаза болғандар жоқ, бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

«26 желтоқсан күні сағат шамамен 11.10 кезінде Қостанайдағы Абай даңғылы бойындағы «Астықжан» сауда үйінің маңында 10 көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Қазіргі уақытта оқиға орнынан бір адам медициналық мекемеге жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр», делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қостанайда 10 көлік бір-біріне соқтығысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар