Қоғам
1 мин оқу 492

Елімізде автогаздың жаңа шекті бағасы бекітілді

<p style="text-align: justify;">Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен ішкі нарыққа жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Министрлік бекіткен баға мөлшері жекелей қала, облыстарда сұйытылған газдың 1 литрі үшін Қосылған құнға салынатын салықты есепке алғанда бөлшек саудадағы максималды бағасы мынадай:

  • Астана – 76 теңге;
  • Алматы – 81 теңге;
  • Шымкент – 64 теңге;
  • Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
  • Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;
  • Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды ​​облысы. – 76 теңге;
  • Жамбыл облысы – 71 теңге;
  • Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары. – 64 теңге;
  • Павлодар облысы – 74 теңге.
  • Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.

Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бөлісу:
Елімізде автогаздың жаңа шекті бағасы бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар