Энергетика
1 мин оқу 300

Қазақстанда 2024 жылдан бастап автогаз біршама қымбаттайды

<p>Энергетика министрлігі сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасын бекітті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа баға 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Шекті баға аймақтар бойынша бекітілген:

- Астана – 76 теңге;

- Алматы – 81 теңге;

- Шымкент – 64 теңге;

- Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;

- Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;

- Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары – 76 теңге;

- Жамбыл облысы – 71 теңге;

- Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары – 64 теңге;

- Павлодар облысы – 74 теңге.

- Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.

Сонымен қатар, әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан астам) шекті баға 5 теңгеге қымбат болады.

Бөлісу:
Қазақстанда 2024 жылдан бастап автогаз біршама қымбаттайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар