Кітапхана
1 мин оқу 344

Кітапхана түні

<p style="text-align: justify;">Кітапқұмарлық &ndash; үлкен қасиет. Оны оқырманға сыйлайтын жалғыз рухани шаңырақ &ndash; кі&shy;тапхана. Осы ретте об&shy;лыстық С.Сей&shy;фуллин атын&shy;дағы ор&shy;талық кітап&shy;хананың ұйым&shy;дас&shy;тыруымен &laquo;Кар&shy;на&shy;валды кітапхана түні &ndash; 2023&raquo; әлеуметтік мәдени іс-шарасы өтті.</p>

Кітапхана түні

Кітап­хананың түнгі әлемін тамашалауға жиналған қала тұр­ғын­дары тарихи дастан­дардағы кейіп­керлермен танысты. Ұлы тұлғалардың кітаптағы бей­­несін сомдаған кітапхана қызмет­кер­лері оқырманды ерекше әсерге бө­леді. «BookDating» атты кітап кейіп­кер­лерінің де­филесі шығарманы шынайы сипаттай білді.

Өмірін өлеңмен өрнектеген же­тісулық ақындар Жангелді Немере­бай, Азамат Нұрмахан, Қал­­қаман Абдрах­ман сиясы кеппеген өлең­­­дерін оқыды. Қаламгерлер бір-біріне арнап әзіл аралас эпиграмма жазып, іс-шараның шырайын кіргізді.

«Ашық микрофон» айда­рында блогер, «Болмыс» кітап клубының жетек­шісі Шы­нар­гүл Оңашбайдың қаты­суымен кітап­ханаға жазылу акциясы өтті. Сонымен қатар «Biblio-darts» ала­ңында сұрақ-жауап ойындары ұйым­дас­­тырылып, «Дәмді кітаптар» библио­­фур­шеті оқыр­мандарға кө­те­ріңкі көңіл күй сыйлады. Жанға жайлы демалыс кешінде рухани нәр бере­тін кітаптармен кеңінен танысуға мүмкіндік берілді.

Ал «АктерTime» айдарында Бикен Римова атындағы Тал­ды­қорған драма театрының әртіс­тері  Ғалия Темiрбаева, Абай Нұғ­манов және Ақ­марал Тө­леуова актерлік тәжіри­бе­сімен бөлісіп, шеберлік саға­тын өткізді. Кешке келген оқыр­мандар кітаптардан Жетісу өлкесінің табиғаты суреттелген «Биб­лиогалерея» көр­месін тамашалап, «Кinopark» кі­тап желісіндегі киноларды көр­ді. Сондай-ақ жастар «Cover show» караоке музыкалық ке­шінде ән шыр­қады.

Рухани іс-шараға қала тұр­ғын­­дарымен қатар, зия­лы қа­уым өкілдері, ақын-жа­зу­шы­лар, мә­де­ни мекеме қыз­мет­­­кер­­лері қа­тыс­ты. Олар кеш со­ңында ұйым­дасты­ру­шылар­ға қызықты демалыс үшін ал­ғысын айтты.

Жетісу облысы 

Бөлісу:
Кітапхана түні · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар