Атырау облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Атырау облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, бесеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Ведомство мәліметінше оқиға кеше болған. Жылыой ауданында сағат 14:27 шамасында Құлсары - Сарқамыс тасжолының 4-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысқан. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі – ВАЗ-2115, екіншісі – Lada Largus.
«Екі адам оқиға орнында көз жұмды. Барлығы ВАЗ-2115 автокөлігінде болған. Олар – 39 жастағы жүргізуші мен жолаушы. Ал Lada Largus-тің 39 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.
Қазір полицейлер жол апатының себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.