Ауа райы
1 мин оқу 3,950

Жаңа жыл қарсаңында күн суытады - синоптиктер

<div class="description" style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК&nbsp; синоптиктері алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Мамандардың айтуынша, ел аумағындағы ауа райына Атлант циклоны ықпал етеді. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынға себеп болады. Оған қоса желтоқсан айының соңында бұрқасын, көктайғақ және 15-28 м/с екпінді жел болады.

Мәселен, 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік облыстарда екпіні 30 м/с және одан да көп болатын қатты жел соғады. 

30 желтоқсанда түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 7-15 градус аяз болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аяз 3-13 градусқа дейін аздап төмендейді.

Бөлісу:
Жаңа жыл қарсаңында күн суытады - синоптиктер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар