Аймақтар
1 мин оқу 176

Бурабайда сегіз көлік бір-біріне соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысындағы Бурабай курорт аумағында сегіз көлік бір-біріне соқтығысып ірі жол апаты болды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Бурабай ауданының кезекші бөліміне Астана – Петропавл тас жолында ірі жол апаты болғаны туралы ақпарат кеіп түскен. Оқиға ақылы терминалдан 10-15 шақырым жерде болған.

Анықталғандай, Астана бағытында тіркемесі бар КамАЗбен келе жатқан 31 жастағы жүргізуші жол және метеорологиялық жағдайды ескермей, Toyota Camry көлігіне соғылған.

Соқтығыс салдарынан тағы үш КамАЗ және үш жеңіл көлік зақымданған.

Нәтижесінде жеңіл көліктің екі жолаушысы мен КамАЗ жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

«Зардап шеккендердің барлығы дене жарақаттарын алғаны туралы шағымданған жоқ», делінегн облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Бурабайда сегіз көлік бір-біріне соқтығысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар