Ауа райы
1 мин оқу 271

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қарлы боран, көктайғақ болады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 28 желтоқсан күні ел аумағында болатын ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;&nbsp;</p>

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан аумағы әлі де атлантикалық циклонның шұңқыры мен атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында тұр. Сол себепті оңтүстікте жаңбыр жауып, таулы аймақтарда өте қалың қар жауады. Мамандар 28 желтоқсанда жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді желмен қатар, елдің солтүстік жартысында да бұрқасын болатынын атап өтті.

Сондай-ақ синоптиктер түнде оңтүстік-батыста, атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы аймақтарында екпіні 30 м/с және одан да жоғары жел соғатынын ескертті.

Бөлісу: