Оқиға
1 мин оқу 193

Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдарды ұрлаған азамат ұсталды

<p style="text-align: justify;">Семей қаласында тарихи құндылыққа жататын алтын бұйымдарды заңсыз айналымға салған азамат ұсталды. Өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдіктіден сақ дәуіріне тиесілі 4 алтын бұйымды тәркіледі, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тінту барысында аң стилінде жасалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.

ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Бөлісу: