Құрылыс
1 мин оқу 162

Құрылыс сапасы мұқияттылықты қалайды

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте &laquo;Жайлы мектеп&raquo; ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.</p>

Құрылыс сапасы мұқияттылықты қалайды

Кеңеске қатысушылар жаңа білім ордаларын жобалау және салу, оларды заманауи жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру, мем­лекеттік сараптама жүргізу, қаржыландыру және басқа да бірқатар мәселені талқылады.

Бүгінгі таңда 217 мектеп бо­йынша белсенді жұмыс жү­ріп жатыр. Барлық үдеріс жобалық басқарудың арнайы ақпарат­тық жүйесінде бақы­ланады, онда сондай-ақ нақ­ты уақыт режімінде құрылыс-монтаждау жұмыс­тары­ның барысын бақы­лауға бола­ды. Жалпы, 2026 жылға де­йін ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа фор­маттағы 369 мектеп салу көзделген.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыс­тардың орындалу сапасын мұқият қадағалап, нысандар­дың бағасын негізсіз көтеруге жол бермеуге тиіс. Мектептерді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.

Бөлісу:
Құрылыс сапасы мұқияттылықты қалайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар