Қоғам
1 мин оқу 230

Биыл автопарктер 2,5 мың жаңа автобуспен толықты

<p style="text-align: justify;">Еліміздің барлық өңірінде қоғамдық көлікте жол ақысын электронды түрде төлеуге көшу үрдісі аяқталды. Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы биыл өңірлерде қалалық автобустарды жаңартуға жеңілдікті лизинг тетігі іске қосылған болатын, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Көлік министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Нәтижесінде автобус парктеріне 2,5 мың көлік, оның ішінде 774 экологиялық таза автобус жеткізіліп, тозу деңгейін 13 пайызға дейін төмендеткен (46% - дан 33% - ға дейін).

Сондай-ақ биыл барлық өңір бойынша қалалық автобустар электронды жол ақысын төлеуге көшті. Автобустарды онлайн режимде толық диспетчерлік сүйемелдеу – аялдамаларға автобустардың келуі арасындағы ең ұзақ аралықты 20 минутқа дейін қысқартса, алдағы уақытта 15 минутқа дейін азайту міндеті тұр.

Айта кетсек, өткен жылдармен салыстырғанда биыл жолаушылар саны 9%-ға артып, 1,5 млрд жолаушыны құраған.

Бөлісу:
Биыл автопарктер 2,5 мың жаңа автобуспен толықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар