Аймақтар
1 мин оқу 230
Ақтауда қатты желден балабақшаның шатыры ұшып кетті
<p style="text-align: justify;">28 желтоқсан күні Ақтауда екпінді жел тұрып, салдарынан қаладағы №3 шағын ауданда орналасқан балабақшаның шатыры ұшып кетті. Шатыр ғимаратқа жақын тұрған 6 автокөлікке зақым келтірген. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқыс жағдай кеше сағат 21:00 шамасында болған.
«Ақтау қаласында 16-21 м/с күшейген екпінді желдің салдарынан 40 шаршы метрді құрайтын «Ясин» балабақшасының шатыры құлады. Салдарынан алты көлікке зақым келген. Зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Бөлісу: